"Ене болуға, әже атануға дайынмын". Қарақат Әбілдина ұлының жоспарын айтты

Танымал әнші Қарақат Әбілдина ұлының жоспарын айтты. Өнер иесінің айтуынша, ол ене атануға дайын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші "Хабар" арнасының "Оян" бағдарламасында бөлісті. 

"Мен әйелмін, әлемнің анасымын" деп әндетіп жүргенде, ене болатын жасқа жетіппіз. Бекболаттың қазір жасы 23-те. Ұлымыздан сондай ниет, тілек болып жатса, қуанамыз. Әзірге ондай әңгіме айтып жүрген жоқ. "Өсуім керек, толысуым керек, арман-мақсатыма жетуім керек. Отбасын құру - күрделі қадам, үлкен жауапкершілік" дейді. Үйленетін баламыздың қас-қабағына қараймыз, ойымен санасамыз. "Ғашығымыды таптым, қазір үйленемін" десе де дайын отырмыз. Ене болуға да,үлкендіктің жолына түсуге, әже болуға дайынмын", - деді әнші.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!