Күйзелісті қалай жылдам жеңуге болады? Психолог кеңесі

Күйзелісті қалай жылдам жеңуге болады? Психолог кеңесі
Фото: pixabay.com

Күйзеліс кей жағдайда пайдалы, себебі ол біздің проблемаларды жеңетін ресурстарымызды жұмылдырады. Алайда ұзақ күйзелісте болу физикалық және эмоционалды денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. Анастасия Решетникова күйзелісті жылдам жеңудің әдістерін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru"-ге сілтеме жасап.

Күйзелісті жеңудің бірнеше әдісі бар. Олардың барлығы гормонды фонды және бұзылған физиологиялық реакцияларды қалыпқа келтірумен байланысты.

"Біріншіден, күйзелістен жылдам арылуға спорттық жүктеме көмектеседі. Жаттығу залына, бассейнге баруға немесе ұзақ уақыт белсенді серуендеуге болады. Бұл кезде дофамин, эстроген, тестостерон, тироксин және адреналин гормондарының көп мөлшері шығарылады", - дейді маман.

Күйзелістік жағдайды жылдам жеңуге көмектесетін екінші әдіс – психологиялық ойындардың топтық сессиясына қатысу. Бірінші кезекте, басқалардың тәжірибесі проблемаңызға басқа жағынан қарауға және оған деген қатынасыңызды өзгертуге көмектеседі. Топтық терапияның тіиміділігі – тәжірибе алмасуда.

"Ойын форматы босаңсуға және проблема жайлы ашық сөйлесуге мүмкіндік береді: әдетте, ойындарда аватарларды, яғни, ойдан шығарылған кейіпкерлерді қолданады. Күйзелістік жағдай жайлы айту, оның себебін түсіну және онымен жұмыс жасау өз атыңнан емес, ойын кейіпкерінің атынан сөйлеген кезде оңайырақ. Алайда ойын жүргізушісін мұқият таңдау қажет: ол сертификатталған маман болуы керек. Сондай-ақ ол адамнан психологиялық білімінің бар-жоғын сұраңыз", - дейді маман.

Сонымен қатар жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеуге және қиын жағдайдан шығуға тыныс алу жаттығуларын жасау көмектеседі.

"Тыныс алу жаттығулары күйзеліс себебінен бұзылған физиологиялық реакцияларды қалыпқа келтіреді. Оларға жиіленген жүрек соғысы, жылдам тыныс алу, жоғары қан қысымы және бұлшықеттердің тырысуы жатады. Күйзелістен көптеген адам ұйықтай алмайды. Тыныс алу жаттығулары жүрек ырғағын баяулатуға және өкпені оттекпен толтыруға көмектеседі", - деді психолог.

Оқи отырыңыз: Бас ауруын жылдам кетіретін 3 әдіс

А. Жапатова