31 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны анықталды

31 желтоқсанда ауа райы қандай болатыны анықталды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

31 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

31 желтоқсанда Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, күндіз облыстың шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында 31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

31 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қаласында 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

31 желтоқсан түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 31 желтоқсан күндіз тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

31 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қаласында 31 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. 31 желтоқсанда тәулік бойы жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

2023 жылдың 30-31 желтоқсан аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.

31 желтоқсанда-02 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Өскемен қаласында 31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астана қаласында 30-31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 30 желтоқсанда кей уақыттарда 23-28 м/с.

31 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай: 31 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 31 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Семей қаласында 31 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина