Үш сағат кетті: ақмолалық полицейлер қарлы боранда жоғалған көлікті іздеп тапты

Үш сағат кетті: ақмолалық полицейлер қарлы боранда жоғалған көлікті іздеп тапты
Фото: instagram

Ақмолалық полицейлер қарлы боранда жоғалған көлікті іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жұбайымыз екеуіміз далада адасып кеттік. Қатты бораннан жол табу қиын болды. "112" қызметіне хабарластық, бізді жергілікті полициямен байланыстырды. Учаскелік инспектор бізге патрульдік машинамен келді және трассаға шығуға көмектесті", - дейді Щучинск қаласының тұрғыны Валентина Прокопенко Instagram белсенді парақшасына жүгінді.

Бірақ "келді" сөзі қолайсыз ауа райында адасқандарды 3 сағаттық іздеуді білдіреді.

"Қатты бораннан ештеңе көре алмадым. Мен тіпті өз автокөлігімнің салонынан капотты көре алмадым. Бір сәтте мен қызметтік көлікте адасқан көлікке соқтығысудан қорқып, жаяу іздеу керек деп шештім. Айнала ну дала, қатты жел болды және шынымды айтсам, қай жаққа бару керегін түсінбей қалдым", - дейді Біржан сал ауданының ЖПҚБ учаскелік инспекторы Абылай Бекмағамбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Щучинск | Казахстан ?? (@shchuchinsk_life)

Әлеуметтік желі қолданушылары да полицейдің еңбегін атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина