Астаналық жігіт бөтеннің көлігінен құжат, әмиян мен күртеше ұрлап кеткен

Астаналық жігіт бөтеннің көлігінен құжат, әмиян мен күртеше ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде жатақхананың 20 жастағы тұрғыны дүкенге бара жатып тұрғын үй кешенінің ауласында тұрған ашық тұрған Toyota Camry көлігін бұзып кеткен. Шетелдік көліктің салонынан жігіт құжаттары мен ақшасы бар әмиянды, сондай-ақ Reebok күртесін жымқырған.

Жол бойында күзет жүргізген арнайы батальонның патрульшісі күдікті боп көрінген адамға назар аударған. Оны тексеру кезінде полицейлер жігіттен бөтеннің құжаттары салынған әмиян тауып алған.

Заттай айғақтар алынып, көліктің иесіне қайтарылды. Ұрлық жасағанын мойындаған ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз