Алматыда көктайғаққа қарсы 1,5 мың тоннадан астам материал пайдаланылған 

Алматыда көктайғаққа қарсы 1,5 мың тоннадан астам материал пайдаланылған 
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда көктайғақты болдырмау үшін 1,5 мың тоннадан астам көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29-30 желтоқсан аралығында Алматы қаласында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын басталды. 30 желтоқсанда сағат 10.00-дегі жағдай бойынша қалада 10 см, қаланың жоғарғы бөлігінде 20-25 см, Шымбұлақта 40 см-ге дейін қар жауды.

146 құм таратқыштың күшімен 1502 тонна көктайғаққа қарсы материалдар себілген. Түнгі сағат 02.00-ден бастап полицияның патрульдік машиналарының жол бастап жүруімен он бағанмен бірге қар күреу жүргізілді.
Таулы аудандарда қар шығару ұйымдастырылды. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 370 м3 қар шығарылды.

30 желтоқсан сағат 08.00-ден бастап 410 бірлік және 876 жұмысшы жұмылдырылды. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалауға ерекше назар аударылды.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, бүгін күндіз ауа температурасы шамамен 0°C болады. 6 қаңтарға дейін жауын-шашын күтілмейді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина