Петропавлда алаяқтар шын мәнінде жоқ шыршаны алдап сатқан

Петропавлда алаяқтар шын мәнінде жоқ шыршаны алдап сатқан
Фото: depositphotos.com

Петропавлда шырша саудасы қызғанын алаяқтар да пайдаланып жатыр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавлда қазір көше қиылыстарының өзі шырша базарына айналған. Саудагерлер тауары мерекеге дейін сатылып кететініне сенімді. Жайқалып өскен қылқан жапырақтың бағасы 100 мың теңге төңірегінде. Бірақ халық бағасына қарап жатқан жоқ.

Сұраныс көптігін алаяқтар да ұтымды пайдаланып жатыр. Мәселен, Петропавлда ғаламтор арқылы шын мәнінде жоқ шыршаны сатпақ болған төрт оқиға тіркелді. Тәртіп сақшылары жаңа жылдық қарбаласта қырағы болуды ескертеді.

"Егер ғаламтор арқылы сауда жасағысы келсе, кез келген адам видео қоңырау арқылы хабарласқаны жөн. Шынымен де, ол тауар бар ма, кім сатып тұрғанына көз жеткізу керек. Егер ол алаяқ болса, тікелей баланысқа шықпайтыны айдан анық. Осылайша алданып қалмауға болады", - деді СҚО ПД аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова