Алматыдағы мектептердің бірінде жаңа жылдық кеште жанжал шыққан

Алматыдағы мектептердің бірінде жаңа жылдық кеште жанжал шыққан
Фото: Pexels/Tom Swinnen

Алматыдағы мектептердің бірінде жаңа жылдық кеште жанжал шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

№28 лицейдегі жаңа жылға арналған шара кезінде бастауыш сынып оқушысының ата-анасы дау шығарған. Оған хаттама толтырылды.

Мектептегі жаңа жылдық ертеңгіліктің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрларда әйел балаларға айқайлап жатқанын көруге болады. Видеода оқиға 27 желтоқсанда №28 мектеп-лицейінде болғаны айтылған.

"Жаңа жыл бастауыш сынып оқушылары үшін өткізілді. Іс-шараны жоғары сынып белсенділері тегін өткізді. Баланың ата-анасына оның қалай өтіп жатқаны ұнамады. Ол балаларға сын айтып, дөрекілік таныта бастады, ал оған қатысушылардың бірі бұл мерекені өзіне өткізуді ұсынды. Осыдан кейін ол оқушыларға айқайлап, балағат сөздер айтты", - деп жазды болған оқиғаның куәгерлері.

Алматы қалалық Білім басқармасы ата-аналарға мерекеге кіруге тыйым салынғанын хабарлады. Бірақ кейбіреулері сынып жетекшілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын киіндіру үшін сыныпқа келген.

"1 "Г" сыныбының ата-анасы баласының киімін ауыстыруға көмектесуге келді, содан кейін онымен бірге залға барды. Мереке аяқталған кезде ол оқушыларға жақындап, наразылығын білдіре бастады. Мектеп әкімшілігі оны, тыныштандыруға тырысып, полиция шақырды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Учаскелік полиция қызметкері әйелге хаттама толтырды. Әкімшілік іс Медеу аудандық ішкі істер басқармасында қаралып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова