Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінді

Каспий теңізіндегі Нардаран станциясынан 20 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:28-де тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы - 3,1.

azertag.az

Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!