Петропавлдағы үш адамның жантүршігерлік өлімі: қылмысқа қатысты жаңа дерек айтылды

Петропавлдағы үш адамның жантүршігерлік өлімі: қылмысқа қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Петропавлда белгісіз біреулер үш адамды өз үйінде өлтіріп кеткен. Артынша күдіктілер ұсталды. Марқұмдар - Юлия мен Вадим Приходченко және олардың 17 жастағы ұлы Юра. Бұл отбасы ұзақ жыл бойы жерлеу рәсімін ұйымдастыратын кәсіппен айналысқан, ал жасөспірім қалалық мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың туыстары мен көршілері қаралы жағдайдан есеңгіреп қалған.

"28 желтоқсанда сағат 13.25-те 3 мәйіт табылғаны туралы хабарлама түсті, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 1-тармағы 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын тез арада ұстады. Күдіктілер Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Қылмыс орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлер қылмыс құралын іздейді. Құқық қорғау органдары бұл жағдайға не себеп болғанын анықтайды. Іс облыстық прокуратура мен Полиция департаментінің бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі табылғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова