"Бес адамға бір көрпе". Жалғызбасты әйел төрт баласымен адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Әлеуметтік желіде күйеуі 2015 жылы қайтыс болып, төрт баламен жалғыз қалған әйелдің тұрмыстық жағдайы көрсетіліп, көмек сұраған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұнда жалғызбасты ана мен балаларының тіптен көрпе-төсегі жоқ екені айтылған.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері төрт перзентті жалғыз өзі асырап отырған әйелдің үйіне арнайы барды.

Полицейлер әйелдің үйіне қажетті азық-түлік, көрпе-жастық, газ плита, ыдыс-аяқ, теледидар сыйға тартты.

Сонымен қатар ауласына бір қой байлап, бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар үлестіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!