Алматыда Жаңа жыл түні болатын отшашу демеушілердің ақшасына ұйымдастырылады

Алматыда Жаңа жыл түні мерекелік отшашу болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, Жаңа жылға арналған отшашу демеушілердің қаржысына ұйымдастырылады.

Астана алаңында отшашуға дейін 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті басталады. Бұған қоса, 18:00-ден 20:00-ге дейін Алматының әр ауданында қысқы фестиваль аясында жаңа жылдық концерттік бағдарламалар өтеді.

Отшашу кезінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!