Алматыдан ұшып шыққан ұшақ Астанаға қона алмай, кері қайтты

Алматыдан ұшып шыққан ұшақ Астанаға қона алмай, кері қайтты
Фото: Tengrinews.kz

Бүгін Алматыдан ұшып шыққан Scat әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына қона алмай қалды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңында ұшақ Алматыға қайта ұшып кетті.

"Астанада ауа райы нашар, түк көрінбейді және боран. Ұшақ қайтып оралды, түнгі сағат бірде Алматыдан ұшып келеді. Ауа райын күтіп отыр", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Астана халықаралық әуежайының онлайн таблосында бүгін ұшатын мен қонатын 38 рейс кешіктірілген.

Атап айтқанда, Алматыдан 8 рейс, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Өскемен және Қазақстанның басқа қалаларынан, Дубай мен Үрімжіден халықаралық рейстер де кешігіп жатыр.

Сонымен бірге Алматы, Петропавл, Семей, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалаларына ұшатын рейстер де кейінге шегерілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан