Астанада ұстамасы басталған ер адам тротуарға құлады

Астанада патрульдік полицейлер ер адамның өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 желтоқсан күндізгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Тараз көшесі мен Жангелдин көшесінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген. Капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі.

Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін жетуін қамтамасыз еткен. Сөйтіп жедел жәрдем келгенге дейін полиция қызметкерлері зардап шеккен адамның жанында болған.

Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!