Павлодарда мыңға жуық студент шәкіртақыны ескі мөлшерлемемен алып келген

Павлодарда мыңға жуық студент шәкіртақыны ескі мөлшерлемемен алып келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Павлодар облысының прокуратурасы оқушылардың құқықтарының сақталуына жүргізген талдау барысында медициналық колледж студенттеріне шәкіртақыны, оның өсуін есепке алмай, есептеу дерегін анықтады.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап төлемдер мөлшерін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер қабылданды.

Шәкіртақы 10,5 мың теңгеге, 20 948-ден 31 422 теңгеге дейін ұлғайған еді.

Осыған қарамастан, биылғы оқу жылының басынан бері 965 студент ескі мөлшерлеме бойынша шәкіртақы алып келген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігіне берешекті өтеу үшін 40 миллион теңге қажет болған.

Қазір студенттерге тиесілі барлық сома төленді, кінәлі адамдар жазаланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!