Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді?

30 және 31 желтоқсан күндері елордада автобустар демалыс күні кестесі бойынша қатынайтын болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді.

2 қаңтарда - сенбі кестесі бойынша(06:00 - 23:00).

3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі кестесі бойынша жүреді.

3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді. Тұрғындардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру сұралады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!