"Әке-шешем апамның кесірінен ажырасып кетті". Танымал блогер отбасы туралы ашық айтты

"Әке-шешем апамның кесірінен ажырасып кетті". Танымал блогер отбасы туралы ашық айтты
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Ләззат Байырбекованың ұлы, әлеуметтік желіде GoodZhan лақапатымен танымал блогер Taboo бағдарламасында отбасы туралы ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әкесі мен анасы екіге кеткен.

"Анам - әнші. Арасында тойларға шығып өнер көрсетеді. Емдеу орталығында жұмыс істейді. Әкем жеке кәсіппен кішігірім бизнестері бар. Ол өте тұйық. Араласамын. Кішкентай кезімде махаббатын көп бере алмады, сол үшін қатты айыптадым. Анам екеуі бір-бірін жақсы көрді. Екеу бір рет те ұрыспаған. Апамның кесірінен ажырасып кетті. Бірақ апамды да кінәламаймын. Әкем анасына қарсы шыға алмады. Сол үшін анам менімен бірге жалғыз қалды. Әкем үйленді, үш баласы бар. Оларды көремін, бірақ араласпаймын", - дейді блогер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова