Астана полициясы қала тұрғындарына ескерту жасады

Астана полициясы қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"28-29 желтоқсан аралығында жауын-шашынға, қарға, температураның -5 градусқа дейін төмендеуіне және көктайғақ пайда болуына байланысты жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Автотұрақ қатаң белгіленген орындарда болуы керек, көлікті жүріс бөлігінде қалдырмауды, сондай-ақ, патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды өтінеміз", - делінген хабарламада.

Тұрғындарға ауа райына байланысты қала сыртындағы тасжолдардағы қозғалыс мезгіл-мезгіл шектелетінін ескере отырып, ұзақ сапарлардан аулақ болу ұсынылды.

"Түсіністікпен қарауды және мүмкін болса, қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынамыз. Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де мұқият болу керек. Өз қауіпсіздігіңіз үшін белгіленген жолдарды кесіп өтуге, құлаққаптарды алып тастауға және жолдан өтер кезде телефон арқылы сөйлеспеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!