"Жүрегім соқпаған, бір өліп, бір тірілгенмін". Танымал блогер басынан өткен жайтты айтты

"Жүрегім соқпаған, бір өліп, бір тірілгенмін". Танымал блогер басынан өткен жайтты айтты
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Ләззат Байырбекованың ұлы, әлеуметтік желіде GoodZhan лақапатымен танымал блогер Taboo бағдарламасында жуырда жантүршігер түс көргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ұйықтап жатқан кезінде жүрегі соқпай қалған, кейін бұл клиникалық өлім болғанын түсінген.

"Жақында түс кірді. Ол өте біртүрлі түс болды. Мен шаршап келіп ұйықтаймын. Таңғы уақытта. Үнемі таңға жуық ұйықтаймын. Таңғы жетілерде ұйықтадым, түс көрдім. Түсімде 2-қабатта құтырып жүріп құладым. Бәрі қасыма келіп "не болды, саған?" деп жатыр. Көзімді жұмып, өліп қалған сияқты болайыншы дедім. Өліп қалған сияқты жаттым. Бәрі мені оятты. Бірақ еш жерім ауырып тұрған жоқ. Маған адамдардың реакциясы қызық болды. "Пранк" деп оятайын дедім. Тұрайын десем тұра алмаймын. "Ей" деп айтып жатырмын. Мені ешкім оята алмай жатыр. Сөйтсем, түсімде өліп қалыппын. Артымда періште ме бірнәрсе тұр. Жерден көтеріліп жатырмын. Аспанға кетіп бара жатырмын. Бұлттарға кеттім. Жерден алыстап кеттім. Ғаламшарда жүрдім. Көзімді жұмсам қап-қараңғы нәрсе. Менің ойымша, түсімде не жұмаққа кете алмай тұрмын, не тозаққа кете алмай тұрмын, ортасында тұрмын. "Ал енді осымен өмірім бітті" деп өмірімді ойлап жатырмын. Қалай өмір сүрдім, бәрі есіме түсіп жатыр. Бақырамын, ешкім естімейді. Жалына бастадым, "тағы кішкене жүре тұрайыншы өмірде, өзгеремін" деп жалындым. Сол кезде бірден ояндым. Сөйтсем, менде клиникалық өлім болған. Қазір кез келген сәтте өліп кетуім мүмкін екенін ойлана бастадым. Сол кезде жүрегім соқпаған. Қасымда Есенбек пе, біреу болды. Жедел жәрдем шақырған. Көршілерді оятқан. Үйде көп адам жүр. Үстім бәрі су. Бір өліп, бір тірілгенмін. Оны анам да, ешкім білмейді", - деп әңгімеледі ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова