Қазақстанда ұшақпен ұшатындар саны 32 пайызға өскен

Қазақстанда ұшақпен ұшатындар саны 32 пайызға өскен
Фото: pixabay.com

Қазақстанда ұшақпен ұшатындар саны 32 пайызға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-қараша соңында әуе компаниялары 12,3 млн адамды тасымалдады, бұл былтырғыдан 23,3 пайыз көп.

Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау ең көп Алматы қаласында болды: 4,2 млн адам, бір жылда 25,9 пайыз көбейген. Одан кейін елорда (3,3 млн адам) мен Шымкент (1,1 млн адам). Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында тіркелді.

Жолаушылар айналымы 23,9 млрд жкм, бұл 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда бірден 32,1 пайыз көп.

Биыл он бір айда әуе көлігімен жүк пен багаж тасымалдау 21,2 мың тонна, бұл былтырғыдан 2,8 пайыз аз. Оның 12,7 мың тоннасы Алматыға, 5,5 мың тоннасы Шымкентке, 3 мың тоннасы Астанаға тиесілі.

Осы кезеңде жүк айналымы 47,3 млн ткм, бұл 2022 жылғы қаңтар–қарашамен салыстырғанда 3 пайыз аз.

Сонымен бірге, 2023 жылғы қаңтар-қазанда әуе көлігі қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 51,2 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан құндық мәнде 4,7 есе артық.

Инвестицияның барлық көлемі төрт облысқа тиесілі. Ең жоғары көрсеткіш Шымкентте тіркелді: 33,2 млрд теңге, 2022 жылдың қаңтар-қазанында 3,7 млрд теңге болған.

Одан кейін Алматы (12,6 млрд теңге), Астана (5,4 млрд теңге) және Алматы облысы (26,9 млн теңге).

 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина