Неліктен көліктің салонынан антифриздің иісі шығады? Одан арылудың жолдары қандай?

Неліктен көліктің салонынан антифриздің иісі шығады? Одан арылудың жолдары қандай?
Фото: pixabay

Алкогольдің, бояудың немесе ацетонды еске салатын салқындатқыштың иісі антифризді ауыстырып көрген әрбір жүргізушіге жақсы таныс таныс. Қалыпты жағдайда оның иісі тез кетеді. Ауаға таралып жағымсыз әсер, дақ қалдырмайды. Ал көліктің салонында шығып тұратын антифриздің иісі көлікте отыруға мүмкіндік бермейді. Тым лас. Салонда антифриздің иісі пайда болуының себептері қандай? Одан қалай арылуға болады? Massaget.kz тілшісі біліп көрді. 

Салондағы антифриз иісінің негізгі себептері

  • Радиатордың қысымын төмендету. Радиатор көліктің алдында орналасқандықтан үнемі көлікпен қозғалыста жүру, тотығу қабілеті бар химиялық заттармен байланыс тіпті ең сенімді радиатордың тесілуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 
  • Жылу жүйесінің радиаторының зақымдануы. Бұл жағдайда антифриз автомобиль салонында қалай иіс шығарады? Егер алдыңғы жағдайда ол алкоголь секілді аса бір жағымсыздықты тудырмаса, бұл жерде заттың қыздыру элементтерімен өзара әрекеттесуімен күйген иісті сезуге болады.
  • Циркуляциялық тізбектің қысымын төмендету. Шлангтардың немесе қатты келте құбырлардың сынуы, жанасу, жалғау аймағының тұтастығының бұзылуы - мұның бәрі микрожарықтардың пайда болуына әкеледі. Соның салдарынан машинада антифриз иісі пайда болады. Кейде сорғы бүкіл жүйенің әлсіз буынына айналады. Оның дұрыс жұмыс істемеуі немесе табиғи тозуы салдарынан құрылымның бастапқы тұтастығын жоғалтады.
  • Іштен жану қозғалтқышындағы картердің ақауы. Мәселені анықтау өте қарапайым. Май ыдысының қақпағын алып тастап, оның ішкі жағына үңілу жеткілікті. Ақ түсті сұйықтық көрінсе сұйықтықтың ағып жатқанының белгісі.
  • Резервуардың зақымдануы. Ол сыртқы физикалық әсерден, қатты аяздан, температураның күрт өзгеруінен жарылуы мүмкін.

Антифриздің ағып кетуінің салдары қандай?

Антифриз иісінің көліктің салонында шығып тұруы кейбіреулер үшін қалыпты жағдай болып көрінуі мүмкін. Алайда мұның салдары тым ауыр. Бұл иіс сіздің денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Аллергиялық реакцияларға, жүйке жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жүргізуші жүрек айнуын, бас айналуын сезініп ақыры апатқа әкеліп соқтыруы ықтимал. 

Бұл адамға тигізетін әсері. Ал енді көлікке қандай зияны бар? 

Қозғалтқыштың қызып кетуі. Техникалық сұйықтықтың көлемі артық жылу энергиясын бөлу үшін жеткіліксіз болса қозғалтқыш қыза бастайды. Тіпті қозғалтқышты түгелімен ауыстыруға әкелуі мүмкін. 

Көлік салонның зақымдануы.

Егер салонда антифриздің иісі болса, онда жаңа кілемшелерге, орындықтарға бұл иіс тез сіңіп кетуі мүмкін. Сондықтан оны химиялық тазалау арқылы ған жоюға болады. Төсеніштер мен панельдер антифриз сіңіріп, металл элементтерінің қарқынды коррозиясын тудырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов