Джеки Чан шұғыл ауруханаға түсті - БАҚ

Джеки Чан шұғыл ауруханаға түсті - БАҚ
Фото: РИА Новости

Аты әлемге әйгілі актер Джеки Чан 25 желтоқсанда шұғыл ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы бірнеше БАҚ хабарлады. 

Кейбір мәліметтер бойынша, актердің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қажет ем-шара жасап жатыр. 

Түрлі БАҚ мәліметінше, Джеки Чанный ауруханаға түскені туралы ақпарат қытайлық әлеуметтік желілерден өшіріліп жатыр. Ал жазба қалдырғандардың парақшасы бұғатталып жатыр екен. 

Қазіргі таңда актердің сырқаты туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.  

Сонымен қатар, Джеки Чан Балқан аралдарындағы түсірілім кезінде ауыр жарақат алып, операция жасады деген ақпарат тарады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина