2024 жылы қанша киік атылатыны белгілі болды

2024 жылы қанша киік атылатыны белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Келер жылы қанша киік ауланатыны белгілі болды. "Ашық НҚА" порталында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылы ауланатын аңдардың лимиті туралы бұйрық көпшіліктің талқылауыны шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйрықта киіктің бәрі тек ғылыми мақсатта ғана ауланатыны айтылған.

"2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері саналатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті" туралы кестеде көрсетілген.

Бір жылдың ішінде ұзын саны 5 350 киік ауланады. Оның ішінде Ақмола облысында - 280, Ақтөбе облысында - 90, Батыс Қазақстанда - 1 100, Қарағанды облысында - 1 280, Қостанай облысында - 1 230, Ұлытау облысында - 1 530 ауланады деп көрсетілген.

Жасұлан Ордабаев 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz