Эндокринолог инсулинге төзімділіктің 6 белгісін атады

Эндокринолог инсулинге төзімділіктің 6 белгісін атады
Фото: pixabay.com

Эндокринолог Анна Машкова инсулинге төзімділіктің қандай ауру екенін түсіндіріп, оның алғашқы белгілері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Инсулинге төзімділік - бұл ұйқы безінің жеткілікті секрециясы мен қандағы шоғырлануы кезінде тін жасушалары инсулиннің әсеріне жеткіліксіз биологиялық жауабы.

Ағзада инсулинге төзімділік дамуының негізгі қауіп факторының бірі - семіздік.

Қауіп факторлары:

  • Ауыр отбасылық сыртартқы - отбасы мүшелері артериялық гипертензия, инсульт, қант деңгейінің жоғарылауы, қант диабетімен ауыруы;
  • Гестациялық қант диабеті, үлкен ұрықтың туу сыртартқысы;
  • Ағзаға қарапайым көмірсулардың, ең алдымен қант, крахмал, фруктозаның артық түсуі – инсулинге төзімділік кезінде адамның қалай тамақтанатыны өте маңызды;
  • Төмен физикалық белсенділік;
  • Артық дене салмағы;
  • Жасы 45 жастан асқан адам.

Инсулинге төзімділік белгілері:

  • Терідегі белгілер: қара акантоз, буындардағы папиллома, терінің киіммен үйкелуі (шынтақ буындары, мойын, қолтық асты, жыныс аймағы), кератома, капиллярлық гемангиомалар, бас терісінің майлы себореясы;
  • Висцеральды семіздік: дене салмағының индексі 25-тен асады, әйелдерде бел өлшемі 80 см, ал ер адамдарда 94 см-ден асады;
  • Ауыздың құрғауы, шөлдеу, әлсіздік, тершеңдік, тәбеттің жоғарылауы;
  • Етеккір циклінің бұзылуы, поликистозды аналық без синдромы;
  • Қан қысымының жоғарылауы, сынап бағанасының миллиметрі 130/90;
  • Гиперлипидемия. Триглицеридтердің жоғарылауы (≥1,7 ммоль/л), HDL CC деңгейінің төмендеуі (<ерде<1,0 ммоль/л; әйелдерде <1,2 ммоль/л), LDL CC деңгейінің жоғарылауы > 2,8 ммоль / л.

Осы белгілердің бір немесе бірнешесін байқасаңыз, бірден эндокринолог кеңесін алған жөн. 

Айта кетейік, бұған дейін эндокринолог бір айда қанша килограмм салмақ тастау қауіпсіз екенін айтқан еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Қазақ» атауының шығу тарихы қандай?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә