Шымкент-Ташкент тасжолында секс-притон анықталды

Шымкент-Ташкент тасжолында секс-притон анықталды
Фото: Көрнекі сурет: ҚазАвтоЖол

Шымкент-Ташкент тасжолында сауна түріндегі секс-притон жұмыс істеп тұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер бұл дерек бойынша 50 жастағы тұрғын ұсталды. 

Тінту кезінде оның қолма-қол ақшасы мен заттай дәлелдемелері тәркіленді. Сондай-ақ полиция бөліміне 9 жеңілжүрісті қыз жеткізілді, оның ішінде 6 Өзбекстан азаматы және 3 Қазақстан азаматы бар. 

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойыншабойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  Істің мән-жайы анықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина