Қазақконцерттің жетістікке толы жылы

Қазақконцерттің жетістікке толы жылы

2023 жыл Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" ұйымы үшін шығармашылық жетістіктер, маңызды жобалар, ауқымды концерттер, көптеген марапаттармен және қуанышты жаңалықпен ерекшеленді. Жылдың атаулы оқиғасы ретінде ҚР Үкіметінің қаулысымен ұйымға Академиялық мәртебесі берілгенін атап өткен жөн. Бұл мәртебе - Қазақконцерт тарихындағы жаңа кезең, мекеменің ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастыруға және дамытуға қосқан зор үлесінің еленгені.

Шығармашылық ұжымдар мен әртістер биыл да қазақ өнерін елімізде ғана емес, халықаралық сахналарда да таныту жолында аянбай еңбек етті. Жыл қорытындысы бойынша 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде халықаралық гастрольдер аясында 54 концерт жүзеге асты. Концерттік-гастрольдік іс-шаралар бойынша 250 мыңға жуық көрермен қамтылды.

Осы жылы Қазақконцерттің "Ел бірлігі - Қазақстан", "Арман асулары", "ALEM SAZ", "Ұлыларға тағзым" және "Jazz кештері" сынды бірқатар бірегей жобалары жалғасын тапты және алғаш рет Қырғыз Республикасы, Түркия, Өзбекстан, Якутия әртістерінің қатысуымен өткен "Көшпенділер әуені" халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті. Сондай-ақ, көрерменҚазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің шақырылған музыканттарымен бірлескен өнерлерін тамашалай алды.

63-ші маусымда23 халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивальдер Қазақконцерт әртістерін үздік деп таныды. Атап айтсақ, "Astana MUSICAL" театры Оңт. Кореядағы "DIMF" халықаралықмюзиклдер фестивалінде "ҮЗДІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЮЗИКЛ" және "ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ" номинацияларында алпауыт елдерді артта қалдырып, жеңіске жетті. Классикалық өнер бөлімінің солисі Азамат Жылтыркөзов V Халықаралық "BRAVO" музыкалық сыйлығының лауреаты, Эстрада өнері бөлімінің солисі Гүлнар Көшенова "Golden Voice" және "Viva Italia" Халықаралық байқауларының Бас жүлдесіне қол жеткізсе, "T&Y" дуэті "Оpen ITALY 2023" Халықаралық фестивалінің Гран-Прииегері атанды."Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солистері Асқар Мұқият пен Раушан Оразбаева еліміздің беделді сыйлықтарының біріUmai-2023 ұлттық сыйлығыныңөз номинациялары бойынша оза шапты. 2022 жылы қайта жаңғырған "Гүлдер" ансамблінің солистері мен балетмейстерлері көптеген өнер додаларында 15 жүлделі орынға ие болды.

 Сонымен қатар, ұйым әртістері жоғары мемлекеттік марапат иегерлерінің қатарынан көрінді. Оның ішінде,Қазақконцерт солисіДимаш Құдайберген ҚР Халық әртісі атағын алды.

Қазақконцерт алдағы жылы жарқын концерттер легін жоспарлап, өз көрерменін сапалы әрі қолжетімді іс-шаралармен қуантуды жалғастырмақ.

Материалды Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы