Нұрсұлтан Назарбаев Әнұран авторлығынан алына ма? Әшімбаев жауап берді

Нұрсұлтан Назарбаев Әнұран авторлығынан алына ма? Әшімбаев жауап берді
Фото: nazarbayev.kz

Cенат төрағасы Мәулен Әшімбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат куалуарында журналист Мәулен Әшімбаевқа "Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы "Авторлық құқықты қорғау туралы" заң қарастырылғанда әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

Спикер бұл мәселе өзекті емес екенін атап өтті.

"Бұл (Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастау – ескерту) мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар... Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой", - деді Сенат төрағасы.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz