Депутат бірнеше көлігі барларға салықты көбірек төлетуді ұсынды

Өзбекстандық депутат бірнеше көлігі барларға салықты көбірек төлетуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, экологтар мен қоғам белсенділері елде ауа сапасы нашарлай бастағанын айтқан. Жергілікті депутат Носиржан Аминов жосықсыз құрылысшыларға айыппұл салуды, Ташкентке автомобильдермен кіруді шектеуді, сондай-ақ бірнеше көлікке иелік ететіндерге көбірек салық төлеуге мәжбүрлеуді ұсынды.    

"Жыл аяқталуға жақын, бірақ Ташкентте ауаның ластану деңгейінің жақсарар түрі жоқ. Дұрыс дамымағандықтан ағаштарды кесу және көлік құралдарының күрт өсуі жағдайға әсер етіп отыр. Егер біз реттелмеген құрылысты тоқтатпасақ немесе қаладағы көлік қозғалысын шектемесек, оны түзету қиынға соғады. Ұнайды ма, жоқ па, біздің балаларымыздың ластанған ауамен тыныс алуын тоқтататын кез келді", - дейді Носиржон Аминов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!