Жаңа жылды Қазақконцерт жұлдыздарымен қарсы алайық

Жаңа жылды Қазақконцерт жұлдыздарымен қарсы алайық

Жаңа жыл қарсаңында сүйікті көрерменді құттықтау Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды. Аталмыш игі дәстүрді 30 желтоқсан күні сағат 18.00-де «SAZ&SOUL» вокалды-аспапты ансамблі, «Гүлдер» ансамблі мен «Аstana musical» театры және Қазақконцерт жұлдыздары біріккен ұмытылмас жаңа жылдық концерті жалғастырмақшы.

Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өтуіне Қазақконцерттің жұлдыздары, атап айтсақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев, Рухия Байдүкенова және халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Дидар Әбдіхалық, Салтанат Меңдіғалиева, Жанна Сандыбаева, Гүлнәр Көшенова, Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Шырын Базарқұлова сынды ұйымның танымал эстрада әншілері мен композитор Әділжан Толықпаев, «T&Y» тобы ат салысады.

Әлем өнері мен мәдениетін терең меңгерген дарынды әншілеріміз көрерменге ұсынған мерекелік бағдарламада «Жаңа жыл», «Сүйгенің болса не арман», «ALEM» және т.б. қазақстандық эстрада өнерпаздарының кеңінен таралған әндері мен тыңдарманның жүрегінен орын алған «Jingle Bells», «Let It Snow», «Happy New Year», «Last Christmas», «5 минут», «В лесу родилась елочка», «Mr. Sadman», «Happy New Year», «All I want for Christmas» сынды әлемдік мерекелік танымал туындылар шырқалып, «Аstana musical» театрының талантты және кәсіби актерлері өздерінің шебер ойыны, ғажайып әуендері мен динамикалық билері тоғысқан «Ару және құбыжық» мюзиклынан «Вы – наш гость» үзіндісін тарту етеді. Сазы мен салтанаты келіскен «SAZ&SOUL» ансамблі П. Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» атты шығармасынан үзінді орындаса, аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің жаңарған құрамы көрерменін өздерінің жаңа би қойылымдарымен қуантпақшы.

Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын қыстың тамаша мерекелерінде Қазақконцерт жұлдыздары ұсынған сиқырлы-сазды ертегі әлеміне бірге саяхаттауға шақырамыз. Қапы қалмаңыздар! Билеттер тикетон сайтында сатылымда.

Материалды Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған

О. Сансызбай