Үсіп өлген: Боранда жоғалған әжесі мен немересіне қатысты жаңа дерек айтылды

Үсіп өлген: Боранда жоғалған әжесі мен немересіне қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: КТК

Қостанай облысында боранда жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересі үсіп, мерт болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Адым жер көрінбейтін боранда әжесі мен немересі адасып қалған. Себебі ауылдарынан алысқа ұзамаған.

Телеарна мәліметінше, екеуі Степной ауылынан тас жолға қарай шығып, жолай көлікпен Тобыл қаласына дейін жетпек болған. Үйіне оралмаған жолаушыларды іздеуге полиция мен құтқарушылардан құралған 120- дан аса адам жұмылдырды. Бір тәуліктен кейін боранда үсіп қалған тұрғындарды иісшіл иттердің көмегімен тапты.

"Кешеден бері іздестіру-құтқару жұмысы тоқтаусыз жүргізілді. Бүгін жоғалған әйел адам мен оның немересінің денесі өздері тұратын үйге жақын маңнан табылды. Тергеу жұмысы басталды", - дейді Қостанай ПД бөлім басшысы Тілеуберді Нұрахметов. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина