Суықта энергия жетіспеушілігімен қалай күресуге болады?

Суықта энергия жетіспеушілігімен қалай күресуге болады?
Фото: pixabay.com

Қыста күні бойы сергек болып жүру қиын. Суық айларда көпшілік энергия жетіспеуін сезеді, жылдам шаршап қалады және тезірек үйге барып, жылы көрпенің астында жатқысы келеді. Ендеше, қысқы хандраны қалай жеңуге болады?

Күнді дұрыс бастау

Күні бойы сергек және қуатты болып жүрудің ең жақсы әдісі – күнді дұрыс бастау. Таңертең қарапайым және созылу жаттығуларын жасаңыз. Ол қанайналымды және бүкіл дене иілгіштігін жақсартуға көмектеседі. Таңертең медитация жасау да өте пайдалы. Ол сананы тыныштандыруға және күйзеліс деңгейін түсіруге көмектеседі. Сондай-ақ таңертең жаяу жүруге болады. Егер жұмысыңыз үйге жақын болса, жаяу барыңыз. Егер алыс тұрсаңыз, әдетте түсетін аялдамаңыздан ерте түсіп қалып, ары қарай жаяу барыңыз.

Жеткілікті түрде су ішу

Көпшілік жылы мерзімдерде су мөлшерін сақтауға тырысады да, қыста оған аса мән бермейді. Алайда қыста да жеткілікті түрде су ішу маңызды. Себебі сіз тер және тыныс алу арқылы сұйықтық жоғалтасыз. Егер су ішу жайлы ұмытып кетсеңіз, ағзаңыз сусызданады да, хал-жағдайыңыз нашарлайды. Ал ол қайта-қайта шаршай беруге және ұйқышылдыққа әкеледі.

Жарықты көбейту

Қыста күндер қысқарады, бұл да өзіңізді шаршаңқы сезінуге әсер етеді. Бұл проблемадан арылу үшін үйіңіздегі және кеңседегі жарықты көбейтіңіз.

Рационды бақылау

Белсенді болып қалу үшін ағза өзіне қажетті барлық қоректік заттарды алуы керек. Рационыңызда міндетті түрде күрделі көмірсулар болуы керек. Олар энергия көзі болып келеді және оның деңгейін күні бойы қалыпта ұстап тұруға көмектеседі. Пайдалы көмірсуларға бай өнімдерге қоңыр күріш, киноа және түрлі бұршақтылар жатады. Ағзаға ақуыз да керек. Ол бұлшықеттер саулығын сақтауға және әрдайым тонуста болуға көмектеседі. Тәрелкеңізде пайдалы майлар да болуы керек. Мысалы: авокадо, зәйтүн майы немесе грек жаңғағы.

Таза ауаға жиі шығу

Қыста далаға шыққыңыз келмеуі мүмкін. Бірақ сергек болып жүргіңіз келсе, ыңғайлы киініп алып таза ауаға жиі шығыңыз.

Ұйқы режимін сақтау

Біз ұйықтаған кезде ағза физикалық та, психоэмоционалды да қалпына келеді. Сол үшін де уақытында ұйықтау маңызды.

Оқи отырыңыз: Аяздың ағзаға пайдасы бар ма?

А. Жапатова