Танымал әнші Қуандық Рахым ақтөбелік оқушыға ат мінгізетінін айтты

Танымал әнші Қуандық Рахым ақтөбелік оқушыға ат мінгізетінін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Қуандық Рахым ақтөбелік оқушыға ат мінгізетінін айтты. Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің бұған дейін концерттерінің бірінде қызық оқиға болып, оқушы сахнаға шығып, әншімен бірге ән орындаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ️️️️ҚУАНДЫҚ РАХЫМ️️ (@rakhym_kuandyk.kz)

Кейін әнші оқушыға ат мінгізетінін айтып, жеке нөмірін берген. 

"Осы бағдарламаға келер алдында да хабарластық (оқушымен - еск.). Бұл - Бақытбек деген азамат. Ақтөбе облысы Мөңке би деген ауылдың баласы. Сол ауылда мешіттің ашылуы болып, концертке шақырған болатын. Сол кезде беріліп, "Аққуымды" айтып, мен оны интернетке салып, 4 миллионға жуық адам көрген. 13 мың пікір жазылған. Бұл өзінің ауылында "Жыл жаңалығы" деген номинация алған екен. Болашақта сахнаға шығатын болса, ән таңдау жағынан тәжірибемізге қарайтын шығар. Сол кезде өз ақылымызды айтып, үлкен концерттер болса, бірге қосылып ән шырқаймыз ба?! ...Көктемде тағы да Алла қаласа Ақтөбеде концерт беремін. Сол кезде "Аққуым" емес басқа әнді алып шығамыз деп ақылдасқанбыз. Сосын көктемде барғанда, сахнада ат мінгізіп деген сияқты. Бұйырса", - деді Қуандық Рахым.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова