Асылым, Айзада, Айдана: Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

Асылым, Айзада, Айдана: Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыпты өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890 грамм,​ 1950 грамм және 2700 грамм болған. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған. ​

"Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. ​ Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан