Мереке күндері тамақтан уланып қалмас үшін...

Жаңа жылда көптеген дәмді тамақтар пісіріледі және кейде адамдар оларды мерекеден соң бір апта бойы жейді. Қалай тамақтан уланып қалмауға болады? Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Гаухар Каткенова Tengri Life-ке ұсыныстарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, мереке күндері тағамдық улану жиі дайын тамақтар себебінен болады. Мысалы:

  • Көпкомпонентті салаттар (бірінші кезекте, олардың майонезбен және қаймақпен араластырылған түрлері);
  • Кремі бар кондитерлік өнімдер;
  • Еттен дайындалған тамақтар.

Сондай-ақ дұрыс жуылмаған жемістер, жидектер және көкөністер де улану себебі болуы мүмкін.

"Көп жағдайда тамақтан улану мөлшері мереке күндері артады. Оның себебі – тоңазытықышта екі-үш күннен артық сақталған тамақ қалдығын жеу. Әсіресе, бұл ет, балық өнімдеріне  және майонезбен араластырылыған салаттарға қатысты. Мұндай тағамдарды, әсіресе, майонез қосылған салаттарды тоңазытқышта 24 сағаттан артық сақтауға болмайды", - дейді Гаухар Каткенова.

Тамақтан уланудың белгілері

Маман тамақтан уланудың белгілерін атады.

"Жоғары температура, сұйық нәжіс, іштің ауыруы, жүрек айну және құсу болуы мүмкін. Ботулотоксинмен уланса, мына белгілер байқалады: жұтынудың қиындауы, жоғары қабақтың түсіп кетуі, координацияның бұзылуы, бас ауыру, әлсіздік", - дейді ол.

Алдын алу

Тамақтан улануды алдын алу үшін Гаухар Каткенова мынадай ұсыныстар берді:

  • Азық-түлік өнімдерін, әсіресе, маринадтарды белгісіз сауда орындарынан немесе тексерілмеген онлайн-сатушылардан алмаңыз;
  • Азық-түлік сатып алған кезде оның қаптамасының бүтіндігіне көз жеткізіңіз және жарамдылық мерзімін, оны сақтау шарттарын тексеріңіз;
  • Мерекелік тағамды дайындау кезінде бірінші кезекте қол, асүй және құралдардың тазалығын сақтау керек;
  • Шикі және піскен өнімдерді бір-бірінен бөлек сақтаңыз және оларға бөлек пышақ пен тақтай қолданыңыз;
  • Жемістер, жидектер және көкөністерді қолданар алдында ағын судың астында жақсылап жуыңыз;
  • Салаттарды тоңазытқышта ұзақ сақтауға болмайды. Майонез қосылған салатты тоңазытқышты 24 сағаттан артық сақтамаңыз, ал басқа салаттарды тоңазытқышта тек 2 тәулікке дейін сақтауға болады. Алайда бұл ет, шұжық және жұмыртқасы бар күрделі тағамдарға қатысты емес. Оларды майонезсіз де бір тәуліктен артық сақтау ұсынылмайды;
  • Температуралық режимді дұрыс сақтау маңызды және ет, құс, жұмыртқа, теңіз өнімдерін қуырғанда немесе қайнатқанда дұрыс пісуі үшін қажетті уақытты сақтаңыз; 
  • Тамақты жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан қорғау қажет;
  • Тамақ дайындауға сапалы таза суды қолдану керек;
  • Міндетті түрде "балалар мәзірін" ойластырыңыз.

Оқи отырыңыз: Жаңажылдық дастарханды безендіруге бірнеше идея