Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың төрт учаскесі жабылды

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде қар, бұрқасынға байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында – 1 учаске:

"Самара-Шымкент" автожолында 844-965-шақырым, "Аманат" кемпингінен-Қарабұтақ аулына дейін. – 121 км.

Алматы облысында – 1 учаске:

  • Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 59-143-шақырым, Жаңақұрылыс аулынан Жамбыл облысының шекарасына дейін – 84 шақырым.

Жамбыл облысында – 2 учаске:

  • "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 159-238-шақырым. Кенен аулынан Қайнар ауылына дейін – 79-шақырым.
  • "Алматы-Ташкент-Термез" автожолында 143-214-шақырым, Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін – 71-шақырым.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалықмаңызыбаравтожолдарда 272 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!