Ақтауда блогерге күш көрсетіп, өлтірмек болған: полиция департаменті түсінік берді

Ақтауда блогерге күш көрсетіп, өлтірмек болған: полиция департаменті түсінік берді
Фото: mangystaumedia.kz

Ақтауда блогерге күш көрсетіп, өлтірмек болған, оқиғаға қатысты полиция департаменті түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер Несібелі Дүйсенова өзіне қасақана өлтіру мақсатында шабуыл жасаған Т. Т.-ны қамауға алып, 24-бап бойынша іс қозғауды талап еткен.

Оқиғаға қатысты полиция департаменті жауап берді.

"Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 23 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама жасақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция тергеу амалдарын жалғастырып жатыр", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан