Танымал адамдар желіде жылды қорытындылауға арналған челлендж бастады

Әлеуметтік желіде танымал адамдардың жылды қорытындылауға арналған челленджі басталды. Челленджді журналист, тележүргізуші Айкерім Есенәлі бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист медиа саласында жеткен жетістіктері мен жеке шығармашылық жұмыстарын қорытындылады.

"365 күн бойы өз энергияңыз, қуатыңыз, біліміңіз, ресурсыңыз, уақытыңызды қайда жұмсадыңыз? Жылды қорытындылауға шақырамын. Бір челлендж бастайық. Мен бастайын. ...Биыл медиа саласында жүргеніме 23 жыл. Әртүрлі қызметтерден кейін бірінші рет Ақпарат саласының үздігі деген медаль алдым, одан кейін ерен еңбегі үшін деген мемлекеттік награда қоғамдық жұмыстар, медиадағы ұзақ жыл еңбегі үшін берілді. Құттықтауларыңыздың барлығына рақмет. "Өмір көркемде" бір жылдың ішінде 500-ден аса адаммен сұхбат құрыппын. "Сөзің өтімді болсын" курсы. 200-ден астам адамның қолына сертификат бердік және менің продакшным. Елімізде бизнестің дамуына жақсы мүмкіндіктер бар. Жеті жыл жақындап қалдық. Биыл үш ірі жобаны жаптық. Елімізде тыныш заман, таңертең тұрып, мақсатыңды қойып, оны жүзеге асыруға мүмкіндіктер бар. Сондықтан жылды қорытындылау, өзіңе есеп беру маңызды деп ойлаймын", - дейді Айкерім Есенәлі.

Сондай-ақ, ол жылдың нәтиежелеріне арналған челленджді танымал әнші Мейрамбек Бесбаев, журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенге жолдады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!