Атырау облысында ұрланған 12 миллионның қойы иесіне қайтарылды

Атырау облысында ұрланған 12 миллионның қойы иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Тамызда ұрланған 300-ден аса асыл тұқымды қойды Қызылқоға ауданының учаскелік тергеушісі қой өсіру зауытына қайтарды.

Асыл тұқымды қой зауыты директорының айтуынша, құны 12 миллион 280 мың теңгеге бағаланған асыл тұқымды қаракөл қойы жоғалып кеткен. Кейін ол аудандық полиция бөліміне арыз жазған. Істі аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі қолға алған.

Ал төрт айдан кейін мал иесіне қайтарылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!