"7 млн да, атақ та жоқ". Омар Жәлел алаяқтарға алданғанын айтты

Танымал ғалым, Абайтанушы Омар Жәлел атақ аламын деп алданып қалғаны туралы әлеуметтік парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол "Қоғам қайраткері" атағы үшін ұсынған адамға ақша да жіберген.

"Бұл ашкөздік дегенді қойсайшы: "Сізді қоғам қайраткері деген атаққа ұсынайық деп едік" - деп хабарласты Алқа Шаяхмет alka_shayahmet қарындасым. "7 млн. теңге аласыз. Ешкімге айтпаңыз. Ешкім білмесін. Өзім коммисияның мүшесімін. Алла қаласа Тәуелсіздік күнінің қарсаңында алып қаларсыз" - деді "жанашыр" қарындасым. Содан ашкөздігім оянып, белгісіз бір рақат сезімі билеп "құжат жинауға керек" деген сомасын басқа бір орыс тілді әйелдің атына аударып та жібердім. Тәуелсіздік күні де келіп жетті, атақ та жоқ, 7 млн. да жоқ, отырған сол дәметкеннен алқымым ісіп. "Енді не болды, қарындасым?" деп хабарлассам, "жылдың соңына дейін күтіңіз" дейді. Үмітсіз шайтан деп, отырмын енді күтіп. PS. Бір мен ғана емес, қасымда "Дарын" сыйлығынан үміткер тағы екі адам бар: олар 5 миллионнан аламыз деп күткен екен", - деп жазды ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз