ШҚО тұрғыны Кеңес Одағын қайта құруды ұсынғаны үшін сотталды

ШҚО тұрғыны Кеңес Одағын қайта құруды ұсынғаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" порталына сілтеме жасап. 

Тамызда ШҚО-да Ленинге арналған ескерткіш құлап түскен. Бұл жайт туралы видеоны Instagram-да көрген әйел пікір қалдырып кеткен. 

"Ерте ме, кеш пе Шығыс Қазақстан облысы Ресейге қосылады, сол кезде басқа ескерткіштер қайда "ұшатынын" көреміз. Лениннің ескерткішін қойған сендер емес, оны осылай алып тастайтын да сендер емес", - деп жазған еді әйел. 

Әйел адам бұл сөзі үшін аудандық сот алдында жауап берген. Сараптама қорытындысы бойынша, әйел адамның жазған пікірінде сепаратистік сипат бары анықталып, Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылған. 

"ШҚО тұрғыны бола тұра әйел адам облыс Ресей Федерациясымен шекараласып жатқанын, облыстың этникалық құрамы көпұлтты, қазақтар мен орыстардың басым болуымен және әлеуметтік желіде осындай мәлімдемелерді жариялау осы желіні пайдаланушылар мен халықтың арасында мемлекеттің егемендігінің, бірлігі мен аумақтық тұтастығының халықаралық қағидаттарын, шекаралардың мызғымастығын бұзуға бағытталған сепаратистік көңіл-күйді тудыруы мүмкін", - делінген сот үкімінде. 

Айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін, Қазақстанды жақсы көретінін айтқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!