28 жастағы астаналық рэпер есірткі тасумен айналысқан

28 жастағы астаналық рэпер есірткі тасумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі таратты деген күдікпен екі тұрғын ұсталған. 

"Астаналық тұрғындап Павлодар қаласындаинтернет-дүкен арқылы тыйым салынған заттарды жеткізумен айналысқан. Жедел-іздестіру шарасы барысында 28 жастағы рэпер ұсталды. Тінту жұмыстары барысында каннабис бумасы және ұялы телефон табылған. Дыбыс жазу студиясын тінту кезінде өсімдік тектес есірткі, тауарды өлшеуге арналған таразы мен ноутбук табылды", - дейді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Бауыржан Нұрсейітов. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!