Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

26 желтоқсанда сағат 14:27 шамасында Құлсары-Сарқамыс тасжолының 4 шақырымы тұсында ВАЗ 2115 және Lada Largus көліктері соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ 2115 көлігінің 1984 жылы туған жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Lada Largus көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен 4 жолаушы ауруханаға жеткізілді. 

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!