Желіде адамшошырлық видеолар тарады: Ақтауда тұрғын үйден өрт шықты

Ақтауда тұрғын үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы да тарады. Кадрларда көпқабатты үй отқа оранғаны көрінеді.

Өңірдің Төтенше жағдай департаменті мәліметінше, 27 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 01.02-де 101 пультіне 38-шағынауданда орналасқан "7 Qazyna" тұрғын үй кешеніндегі 5-үйдің 5-қабаты жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 5 техникадан тұратын ТЖД күштері мен құралдары жіберілген.

Өртсөндірушілер барғанда тұрғын үйдің сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталған.

"Барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт пәтерлерге тарамаған. Тұрғындар өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сағат 01.31-де ауыздықталды", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз