Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды

Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері темір тұлпарларын безендіргені анықталды.

Олар ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша құқық бұзған. Сондай-ақ олардың әрекеттерінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!