"Шұбат пен жел сөзге тойғанымыз жетер". 17 жыл құлдықта болған қыздардың ауылына барған журналист тосын жайтқа тап болған

"Шұбат пен жел сөзге тойғанымыз жетер". 17 жыл құлдықта болған қыздардың ауылына барған журналист тосын жайтқа тап болған
Фото: әлеуметтік желі

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Бүгінде олар Алматыда арнайы ем алып жатыр. Журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында қыздардың мәселесіне қатысты Түркістан облысына арнайы барғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жолы олар қыздардың аға-жеңгесіне қатысты қандай іс қозғалатынын білу мақсатында барған. Алайда тосын жайт болған. Журналист әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын да жариялады.

"Құндыз бен Назгүлдің ағасы мен жеңгесі жауапқа тартыла ма? Алматыдан Шәуілдірге шұбатқа емес, сұхбатқа шөлдеп барғанымыз айдан анық! Шұбат пен жел сөзге тойғанымыз жетер. 17 жылдық құлдықтың қамытында болған қос қарындасымыздың құқығы жоғары түрде қорғалуы тиіс. Бұл істі Қазақстан Республикасының Бас прокоруры Асылов Берік Ноғайұлы өз назарына алар деген сеніміміз мол. Осы видеоны әлеуметтік желіде таратып, Құндыз бен Назгүлге бірге араша болайық!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Еске салайық, бұған дейін қыздар қазір психологтың ем курсынан өтіп жатқаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова