Алматыда ер адамның үстіне балконның қоршауы құлады

Алматыда ер адамның үстіне балконның қоршауы құлады
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда балконның қоршауы құлап, ер адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырманы редакцияға қоршаудың құлап, жерде жатқан ер адамның видеосын жіберді. Оқырман жәбірленушінің Желтоқсан көшесінің бойымен келе жатып, тұрғын үйдің балконынан қоршаудың бір бөлігі оның үстіне құлағанын айтқан. Оның аяқ-қолы сынып, ауруханада ота жасалған.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті 23 желтоқсанда тіркелгенін растады.

ПИК төрағасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу" бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды.

Полицияның мәліметінше, жәбірленуші ПИК төрағасын сотқа беретінін айтқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан