Егде жастағы адамдарда қатерлі ісік баяу дамитыны рас па? Онколог түсіндірді

Дәрігер, онколог Елизавета Васильева жас және егде жастағы адамдарда қатерлі ісік дамуы бір-бірінен қалай ерекшеленетіні туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Адам ағзасында өмір бойы жасушалардың бөлінуі бұзылуының нәтижесінен әртүрлі мутация пайда болады. Адам қартайған сайын мутация саны көбейеді, сондықтан 45 жастан асқан адамдар онкологиялық ауруларға жиі шалдығады.

Алайда ел арасында адам неғұрлым үлкен болса, қатерлі ісік соғұрлым баяу дамиды деген де пікір бар. Маманның айтуынша, бұл ұғым қатерлі ісік ауруының кейбір түрлеріне ғана тән қасиет. Мысалы, егде жастағы науқастарда сүт безі және тері қатерлі ісігі, простата обыры ағзада ұзақ уақыт дамиды және қашықтағы метастазсыз біртіндеп өседі.

Бұдан бөлек, тері қатерлі ісігінің базальды жасушалық карцинома атты түрі 10 жыл бойы дамымай, кейде ғана теріге қызарып шығады, содан кейін жоғалады, бірақ соңында ісік бәрібір де дамиды.

"Негізінен бұрын жастар қатерлі ісікке сирек шалдығатын еді, ал қазір керісінше онкологиялық аурумен ауыратын жастар саны көбейіп жатыр. Жас ағзада жасушалардың бөліну жылдамдығы тез жүреді, сондықтан нашар жасушалар тез бөлініп, метастаздар пайда болып, қатерлі ісік тез өседі. Осы себепті ерлер мен әйелдерді жыл сайынғы диспансерлеуді 18 жастан бастау керек, бұл ағзадағы қатар жүретін ауруларды ғана емес, сонымен қатар онкологиялық аурулардың дамуын ерте анықтап, оны тоқтатуға көмектеседі", - дейді маман.

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісік ауруының пайда болу себептері қандай екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Өзіңді жақсы көру дегенді қалай түсінуге болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз