Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сараптама қашан аяқталады?

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сараптама қашан аяқталады?
Фото: Tengrinews.kz

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сараптама қашан аяқталатыны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әділет министрі Азамат Есқараевтың сөзінше, жалпы 12 сараптама тағайындалған. 

"Бізге Ішкі істер министрлігінен тиісті тапсырма түсті. Біз 11 сараптама қорытындысын құқық қорғау органдарына жібердік. Жақында тағы 12 сараптама келіп түсті және біз ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Мен бірден айтайын, заңнамаға сәйкес сараптама 30 күнге дейін жүргізілуі мүмкін. Белгіленген тәртіппен қалай аяқтаймыз, ІІМ-ге жібереміз", - дейді Есқараев. 

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс сотқа қашан жіберілетінін айтқан болатын. 

"Іс келер уақытта бітуі керек. Сараптаманың бәрі дайын болған соң сотқа жіберіледі. Ол ақпараттың бәрі дайын деп айта алмаймын. Тергеу аяқталып, сараптама қорытындысы шыққан соң, істі бітірген соң құжаттармен екі жақты да таныстыру керек. Ол да уақыт алады. Содан кейін сотқа жіберіледі", - деген еді Марат Қожаев Tengrinews.kz тілшісіне.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина