Ұлттық қор балаларға: 2024 жылы қанша ақша бөлінеді?

Ұлттық қор балаларға: 2024 жылы қанша ақша бөлінеді?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк Ұлттық қордың 2023 жылға арналған инвестициялық кірісінің көлемін жариялады, оның жартысы қазақстандық балаларға аударылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қордың 2023 жылдың 11 айындағы инвестициялық кірісі алдын ала мәліметтер бойынша 7,92 пайыз немесе шамамен 4,4 миллиард доллар болғанын хабарлады.

Ұлттық қордың активтерін басқару процесі ұзақ мерзімді инвестициялау қағидаты бойынша құрылғаны атап өтілген. Сондықтан Ұлттық қор кірісіндегі балалардың шоттарына тұрақты жыл сайынғы төлемдерді қамтамасыз ету мақсатындағы есептеуде 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісті пайдалану туралы шешім қабылданды.

"2005-2022 жылдар аралығындағы табыс жылдық мәнде 2,6 пайыз немесе 1,4 миллиард доллар болды. Сәйкесінше, 2024 жылы "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында 2024 жылы 18 жасқа толғандарды қоса алғанда, барлық алушыға шамамен 695,5 миллион доллар бөлінеді", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Төлемдерге сомаларды есептеу үшін жылжымалы негізде есептелетін Ұлттық қордың кейінгі 18 жылдағы орташа жылдық табысы пайдаланылатыны, балалардың арнайы жинақтау шоттарына есептелетін инвестициялық табыстың жыл сайынғы сомасы Ұлттық қордың табысына байланысты өзгеріп отыратыны түсіндіріледі.

"Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі, төленетін соманы есептеу әдістемесі және алушылардың саны Үкімет 2024 жылғы қаңтарда бекітетін ережелерге сәйкес айқындалады", - деп қорытындылады Ұлттық банк өкілдері. 

Бұған дейін Қаржы министрлігі Ұлттық қордан қаражат 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап балаларға төлене бастайтынын хабарлаған болатын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек