"Қазақстанда бір ғана Дәулет бар ма?" Депутат Мұқаевтың оқырманы алаяқтарға алданып қалғанын айтты

"Қазақстанда бір ғана Дәулет бар ма?" Депутат Мұқаевтың оқырманы алаяқтарға алданып қалғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал блогер, депутат Дәулет Мұқаевтың әлеуметтік желідегі оқырманы алданып қалғанын айтып, оған хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, алаяқтар оны Дәулетпін деп алдаған.

"Дәулет мырза бүгін менен ұтыс ұттыңыз деп 17 мың теңге бір алып, артынша 20 мың теңге алдыңыз, ұтыс та, ақшам да жоқ. Бұл алаяқтық қой қалай түсіндіресіз? Салған ақшамды қайтарыңыз", - деп жазған депутаттың оқырманы.

"Дәулетпін десе болды, сене бересіздер ме? Бұл Қазақстанда бір ғана Дәулет бар ма?" - деп жазды депутат.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова